Әлемде жүрек әлсіздігімен ауыратын әрбір екінші науқас диагноз қойылған күннен бастап 5 жыл ішінде қайтыс болады. Дегенмен, дәрігерлер өмірді ұзартудың және оның сапасын жақсартудың жолын қарастыруда, – деп жазды «AiF» ақпарат агенттігі. Созылмалы жүрек аурулары – бұл жүрек бұдан былай өзінің негізгі функциясын орындай алмайтын ауру, яғни ол қанды қалыпты түрде айдауды тоқтатады, бұл ұзақ уақытқа созылады және жүрек-тамыр жүйесіне ғана емес, бүкіл денеге әсер етеді. Аурудың белгілері – ентігу, тобықтардың ісінуі, шаршаудың жоғарылауы, жаттығуларға төзімділіктің төмендеуі. Жүрек әлсіздігінің негізгі қауіп факторлары ерлер үшін белсенділіктің төмендеуі мен ерте келген кәрілік, сондай-ақ 2-типті қант диабеті болып табылады. Созылмалы жүрек ауруы үшін ең бастысы – ауруды бақылау. Бұл жағдайда өмір сүру ұзақтығын айтарлықтай арттыруға болады. Дәрігерлер пациенттерге салауатты өмір салтын ұстануды, салмағы мен диетасын бақылауды және өміріне жеткілікті физикалық белсенділікті қосуды ұсынады. Сондай-ақ қан қысымын үнемі бақылауда ұстауды ескертеді.