Марқұм Қайрат Рысқұлбековпен бір камерада отырдық
Марқұм Қайрат Рысқұлбековпен бір камерада отырдық
317
оқылды
Мен отырған жерге екі айдан кейін бір қазақтың баласын алып келді. Көз жасы мөлтілдеп ол мені құшақтап алды, мен де «Кім болса да, қандасым ғой» деп бауырыма тарттым, білген ақылымды айтып, өзімше жігерлендірдім. Бұл марқұм Қайрат Рысқұлбеков екен. Ол мені «Мырзаға» деп атайтын. Екі айдан аса бірге отырдық, кейін екеуімізді екі камераға бөліп жіберді. Көршілес камералар болғандықтан, айқайлап сөйлесіп тұратынбыз. Оның қойын кітапшаларын алғаш шығаруға да жәрдемдескен мен болдым, бұл туралы да айтпайтынмын. Оқи отырыңыз: Қайрат Рысқұлбековты соңғы рет моншаға апарған түрме қызметкерінің әңгімесі Зонадан қашып шықтым. Оған «Айналайын, еш қиналма, алдыңнан күтіп аламын» деп кеткен болатынмын. Бір жыл бойы оны іздедім. Кейін сол камерада отырған екі жігіт Қайраттың Семейде өлгенін айтып келді. Әрине, бірге отырған кезде біраз пікірлестік, әңгімелестік, бірақ марқұм боп кеткен адамның әңгімесін айтып, жарияға жар салу, оның әруағын қозғауды дұрыс емес деп санаймын. Тек бір айтатыным, Желтоқсан туралы Қайраттарға хабар берген сол Сәулет-құрылыс институтының қызметкері Әркен Уақ болатын, бірақ Қайрат КГБ-да беттестірген кезде ағамызды сатпаған, оның өзінің мұғалімі екенін айтпаған. Әркен ағамыз өле-өлгенше осы үшін Қайратқа риза болып кетті.

Мырзақұл Әбдіқұлов, Желтоқсан оқиғасының куәгері.

© Желтоқсан оқиғасы куәгерлерінің естеліктерінен