Ер адам құны 10 миллион рубль тұратын бірегей зергерлік бұйымды тауып алған
Ер адам құны 10 миллион рубль тұратын бірегей зергерлік бұйымды тауып алған
233
оқылды
Британдық әуесқой қазына іздеуші Дэвид Эдвард құны 10 миллион рубль тұратын ортағасырлық зүбаржат тасы бар ерекше түйреуіш алқаны тапқан. Қазына іздеуші бұйымды үйінің жанындағы жерді металл детекторымен тексеру барысында олжалаған. Оқи отырыңыз: Қайрат Рысқұлбековты соңғы рет моншаға апарған түрме қызметкерінің әңгімесі Сарапшының пікірінше, зергерлік бұйым XIII ғасырда жасалған және беделді ақсүйек адамға тиесілі болған. “Оның бірегейлігіне байланысты түпкілікті бағаны сенімді түрде айту қиын. Себебі нарықта онымен салыстыруға болатын бұйым әлі табылмаған. Кем дегенде 10 мың фунтқа (миллион рубльге) бағаланады, бірақ құны 100 мыңға (он миллион рубльге) дейін көтерілуі мүмкін", – дейді Treasure Hunting журналының редакторы Джулиан Эван Харт. Бұл туралы stan.kz ақпараттық порталы жазды.