Әлімханұлы The Ring рейтингінде көтерілді
Әлімханұлы The Ring рейтингінде көтерілді
167
оқылды
Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы Францияның экс-чемпионы Хассан Н'Дам Н'Жикамды жеңгеннен кейін The Ring тізімінде алтыншы орынға шықты, – деп хабарлайды Vesti.kz сайты. Басылымның мәліметінше, орта салмақтағы чемпион жоқ, бірақ тізімде тағы бір қазақстандық, IBF және IBO белдіктерін иеленген Геннадий Головкин көш бастайды. Үштікке екі америкалық – Гермалл Чарло мен Деметриус Андраде кіреді. WBA чемпиондық белбеуінің иегері америкалық Эрисланди Лара тізімде жоқ. Оның орнын екі жыл бойы жекпе-жекке шықпаған жапон боксшысы Риота Мурата басты. Әлімханұлы Головкиннің тағы бір қарсыласы Сергей Деревянченконың сәтсіз жекпе-жегінен кейін тізімде алға жылжыды.