Даррен Диц "Барыстан" мәскеулік ЦСКА-ға ауысты
Даррен Диц "Барыстан" мәскеулік ЦСКА-ға ауысты
213
оқылды
«Барыс» хоккей клубының қорғаушысы Даррен Диц ЦСКА-ға ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. Елордалықтар бұл ауысымға ақшалай өтемақы алатынын да айта кеткен жөн. Қазақстандық команда бұл ауысымнан ақшалай өтемақы алады. 28 жастағы Диц ҚХЛ-да ең көп жалақы алатын ойыншы, ол жылына 100 миллион рубль табады. Биылғы маусымда ол ҚХЛ аясында 34 кездесуге қатысып, тоғыз шайба соқты және 12 нәтижелі пас беріпды. Диц «Барыс» сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақыт аралығында ол ҚХЛ-да жалпы 269 матчқа қатысып, 174 (67+107) ұпай жинады.