Тұрғын жеке дүкенін әкімдікке сыйға тартты
Тұрғын жеке дүкенін әкімдікке сыйға тартты
Сурет: kun.uz
143
оқылды

Өзбекстанның Бұхара облысындағы Каган қаласының тұрғыны көлік бекетіндегі жеке дүкенін жергілікті әкімдікке өткізіп берді.

Қала басшысы Хаёт Давлатов 15 желтоқсанда қол қойылған құжатта қаланың Х.Рашидов атты тұрғыны 6 желтоқсанда жекеменшік дүкенін әкімдікке қайтарымсыз негізде өткізу жөнінде арыз жазылғаны айтылған. Қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Мухаммадали Нарзиллоев жергілікті басылымдарға жақында 60 шаршы метрді құрайтын дүкен бос тұрғанын, әзірге ешкімге берілмегенін айтты.
"Бұл ғимарат жалға беру келісімшарты негізінде мұқтаж отбасыларға беріледі", - деді ол.
Баспасөз хатшысы жергілікті тұрғынның жеке мүлігін билікке өтізіп беру бірінші жағдай екенін айтады.