Қызылорда облысында оқ атып, жасөспірімдерді жаралағандар ұсталды
Қызылорда облысында оқ атып, жасөспірімдерді жаралағандар ұсталды
Сурет: Кирилл Каллиников / РИА Новости
142
оқылды

Қызылорда облысында аса ауыр қылмыс жасаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

15 желтоқсанда кешкі сағат 18.00 шамасында Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Төретам кентінде бір топ азамат жанжалдасып, қару қолданған. Соның салдарынан аялдамада тұрған үш жасөспірім оқ ұшқынынан жарақат алды. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 3-бөлігімен (Адам өлтіруге оқталу) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
«Жасөспірімдер дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, көмек көрсетілді. Олардың біреуі сол күні үйіне қайтарылса, қалған екеуі дәрігерлік бақылауға алынған. Қазіргі уақытта жасөспірімдердің жағдайы тұрақты»,  - делінген хабарламада.
Осы қылмыс бойынша полиция қызметкерлерінің шұғыл әрекеттерінің нәтижесінде ізін суытпа 8 күдікті анықталып, ұсталды.