Денис Кузин төрт құрлық чемпионатында алтын жүлде алды
Денис Кузин төрт құрлық чемпионатында алтын жүлде алды
138
оқылды

Канаданың Калгари қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы да жүлдемен толықты, - деп хабарлайды Olympic.kz

Ерлер арасында 1000 метрге жарысудан қазақстандық Денис Кузин алтын жүлдегер атанды. Ол АҚШ және Тайпей спортшыларының алдын орады. Әйелдер арасында 1000 метрге жүгіруден Екатерина Айдова жеңіс тұғырына көтерілді. Ол жеңімпаз Тайпей спортшысынан 1.04 секунд ұтылып, күміс медаль иеленген. Ерлер арасындағы командалық жарыста Канадаға есе жіберген Қазақстан құрамасы екінші орыннан көрінді.