Ақтөбеде автобус КамАЗ-ға соғылып, екі адам көз жұмды
Ақтөбеде автобус КамАЗ-ға соғылып, екі адам көз жұмды
180
оқылды

Ақтөбе облысында 12 адам отырған вахталық автобус КамАЗ-бен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласына жақын маңдағы Покровка-Жаңажол тасжолында жол-көлік оқиғасы болған. Оқиға 17 желтоқсанда сағат 18:45-те болған.
«Мұнай компаниясына тиесілі ПАЗ маркалы автокөлігінің 59 жастағы жүргізушісі (вахта, салонда 12 адам болған) Жарқамыс аулынан Ақтөбе бағытында облыстық маңызы бар Покровка-Жаңажол автожолының 13-шақырымында жүріп бара жатып, қозғалысқа кедергі мен қауіп туындаған кезде жылдамдықты төмендету шараларын қабылдамай, жол бойында тұрған КамАЗ маркалы автокөлікпен соқтығысты, - делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жолаушы оқиға орнында қаза тауып, үшеуі Қандыағаш қаласының орталық ауруханасына түрлі жарақатпен жатқызылды. Оқиға дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.