ЭКСПО аумағында бас шыршаның шамын жағу рәсімі өтеді
ЭКСПО аумағында бас шыршаның шамын жағу рәсімі өтеді
Сурет: елорда әкімдігі

Еліміздің жаңа жылдық бас шыршасы дәстүрлі түрде ЭКСПО көрмесінің аумағында орналасқан. 25 метрлік жаңа жыл символын жағу рәсімі 19 желтоқсанда өтеді, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"19 желтоқсан күні сағат 19:00-де ЭКСПО көрмесінің аумағында "Нұр Әлем" сферасының жанында еліміздің бас жаңа жылдық шыршасын жағу рәсімі өтеді. Іс-шараның ресми бөлімінен кейін қонақтар үшін мерекелік концерт өтеді. Сахнада танымал эстрада орындаушылары мен елорданың жас музыканттары өнер көрсетеді. Жұлдызды орындаушылардың арасында-Маржан Арапбаева, әнші Дос, Ринат Малцагов бар. Бұл жаңа жылдың басты кейіпкерлері - Аяз Ата мен Ақшақарсыз болмайды", - делінген хабарламада.
Іс-шараға барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Дегенмен барлық санитарлық нормаларды сақтау керек.