«Junior Eurovision 2021» балалар байқауына онлайн дауыс беру басталды
«Junior Eurovision 2021» балалар байқауына онлайн дауыс беру басталды
Junior Eurovision балалар ән байқауының ресми сайтында көрермендердің онлайн-дауыс беруі басталды. Онлайн дауыс беру 19 желтоқсанда сағат 21.00-де ашылатын ауқымды финалдық концерт басталғанша жалғасады. Содан кейін барлық қатысушылардың өнерінен соң қайтадан небәрі 15 минут ішінде дауыс беруге болады. Көрермендердің дауыс беру нәтижелері қазылар алқасының бағалауымен бірге қорытындыланады – осылайша жеңімпаз анықталады. Биылғы қатысушылар Париждегі La Seine Musicale залының сахнасында өнер көрсетеді. Сонымен қатар, Димаш Құдайберген әлуметтік желі парақшасында осы байқауға қатысып жатқан қазақстандықтарға қолдау көрсетуге шақырды. https://www.youtube.com/watch?v=DDM5aZ8eAko&feature=emb_title