"Нұр-Сұлтан - Ерейментау" тас жолы жабылды

"Нұр-Сұлтан - Ерейментау" тас жолы жабылды

Ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар тас жолы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

18 желтоқсан күні ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан - Ерейментау - Шідерті» автожолының 16-200 шақырым аралығы, яғни Нұр-Сұлтан мен Ерейментау қаласы арасындағы жолдың 16-156 шақырымдық учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Жол жабылуының негізгі себебі - көктайғақ.