Жанқош Тұраров қарсыласын 45 секундта нокаутқа түсірді

Жанқош Тұраров қарсыласын 45 секундта нокаутқа түсірді

Екі жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралған Жанқош Тұраров қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Нұр-Сұлтандағы бокс кешінде белгілі кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров пен мысырлық Абдумонем Саид жұдырықтасты. Жартылай орта салмақтағы  он раундқа жоспарланған жекпе-жектің 45 секундында Жанқош Тұраров қарсыласын ауыр нокаутқа түсіріп, жеңіс жетті. Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық белбеуін сарапқа салады.