Кеше елордадағы Қаллекей театрында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қос қуаныш тойланды.
[caption id="attachment_176094" align="alignnone" > ©Р.Фахрутдинов[/caption] Бірі – «Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының» 30-жылдығы және театрдың негізін қалаушы Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жақып Омаровтың 80 жылдық мерейтойы. [caption id="attachment_176090" align="alignnone" > ©Р.Фахрутдинов[/caption] Соған орай өнер ордасында қызыл кілем төселіп, салтанатты шеру өткізді. [caption id="attachment_176086" align="alignnone" > ©Р.Фахрутдинов[/caption] Шеруге Қаллеки театрының ұжымы мен Алматы, Шымкент, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Ақтау, Орал, Қарағанды, Өскемен, Жезқазған қалаларынан келген өкілдері әрі өнер майталмандары, елге белгілі әртістер қатысты. [caption id="attachment_176087" align="alignnone" > ©Р.Фахрутдинов[/caption] Шара барысында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысып, құттықтау сөз сөйледі. [caption id="attachment_176088" align="alignnone" > ©Р.Фахрутдинов[/caption] Сонымен қатар шара барысында қонақтар мұражайды аралап, өнер ордасының 30 жылда тарихымен танысып, тың деректерге қанық болды. [caption id="attachment_176089" align="alignnone" > ©Р.Фахрутдинов[/caption] – Тәуелсіздікке тарту ретінде «Алтайдан ауған ел» спектаклін ұсындық. Оған қоса, театрдың негізін қалаушы Жақып ағамыздың 80 жылдығына орай кітабының тұсаукесерін жасадық. [caption id="attachment_176091" align="alignnone" > ©Р.Фахрутдинов[/caption] Алтын қордағы барлық мұрамызды мұражайымызға қойдық. Бізге келген ел-жұрт театрдың тарихына қанық болса дейміз, – дейді Ернар Жұматаев Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының директоры. [caption id="attachment_176092" align="alignnone" > ©Р.Фахрутдинов[/caption]