Ақтауда тұрғын үй шатыры өртенді
Ақтауда тұрғын үй шатыры өртенді
147
оқылды
Ақтау қаласындағы "Флоренция" тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабаттары мен шатыры отқа оранды. Әлеуметтік желіде тараған фото мен видеоға қарағанда тілсіз жау жоғарғы қабаттар мен шатырды шарпыған, деп хабарлады lada.kz порталы.
«Бүгін сағат 15:08 кезінде Ақтау қаласындағы 17-ші шағын ауданында «Флоренция» тұрғын үй кешенінің шатыры жанып жатқаны туралы шақырту түсті. Оқиға орнына келген кезде жалпы ауданы 5 244 шаршы метр болатын шатырдың шамамен 500 шарты метрі жанып жатқаны анықталды», - деді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Жаңабаев.
https://www.youtube.com/watch?v=LEu0aKcvHYU&feature=emb_title Өрт болған жерден 100 адам эвакуацияланған.Өрт сөндіруге 80 маман мен 17 техника тартылған.