Синоптиктер 20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Нұр-Сұлтан қаласында кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Маңғыстау облысының батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің оңтүстігінде жел 15-20 м/с артады. Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ болады. Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің солтүстік-батысында желдің күші 15-20 м/с құрайды. Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде және шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз өңірдің солтүстік-батысында екпіні 15 м/с күшейеді. Түнде Қарағанды облысының батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз өңірдің батысында екпіні 15-20 м/с артады. Қостанай облысының солтүстік және оңтүстік аумағында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды. Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай, тұман болжанады. Шымкент қаласында түнде және таңертең найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күшейеді. Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Өңірдің солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз батысында және оңтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с.