Полиция терминалдан ақша ұрлаған инкассаторды ұстады
Полиция терминалдан ақша ұрлаған инкассаторды ұстады
Фото: s13.ru
139
оқылды

Есіл аудандық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру нәтижесінде, 27 жастағы ер адамды ұстады. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Күдікті бұрын да жауапқа тартылған. Тергеу барысында оның инкассатор болып жұмыс істеп, терминалдан ақша жинағаны анықталды. Жұмыстан шыққан ол автоматтардың бірінің кілтін бермей кеткен. Кешке Magnum супермаркетіне келген. Терминалды кілтпен ашып, 3 800 000 теңгені алған. Ақшаны сөмкемен алып кеткен. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Жаңаөзенде екі инкассаторды тонап кеткені туралы жазған болатынбыз.