Тоқаев бұрынғы министрге алғыс айтты
Тоқаев бұрынғы министрге алғыс айтты
Фото: tirshilik-tynysy.kz
202
оқылды

Бүгін Президент жарлығымен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қызметінен кетті. Мемлекет басшысы Алексей Цойға алғыс айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға белсенді жұмыс істегені, әсіресе, Қазақстанда коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді», – деп жазды Берік Уәли.

Бұған дейін Алексей Цойдан бұрын Денсаулық сақтау министрі болған Елжан Біртановтың ісі туралы жазған болатынбыз.