Әңгімелесу барысында Қазақстанның Парламентаралық одақпен өзара ықпалдастығының маңызды бағыттары талқыланды, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
– Парламентаралық одақ парламентаралық байланыстарды дамыту ісінде маңызды әрі жетекші ұйым саналады. Сіздің сапарыңыз парламенттік дипломатияны кеңейту тұрғысынан саяси маңызға ие. Біз аталған Одақпен өзара тығыз қарым-қатынастарды дамытуға баса мән береміз және осы маңызды ұйымның төрағасы лауазымындағы Сіздің миссияңызды қолдаймыз, – деді Мемлекет басшысы.