QS рейтингі: Абай университеті қазақстандық университеттер арасында 4-орынды иеленді
QS рейтингі: Абай университеті қазақстандық университеттер арасында 4-орынды иеленді
Фото: chspu.ru
Жақында британдық QS (Quacquarelli Symonds) рейтингтік агенттігі Еуропа мен Орталық Азиядағы дамушы елдердің жаһандық мойындалған рейтингі – QS Emerging Europe and Central Asia University Rankings 2022 рейтингінің нәтижелерін жариялады. QS рейтингінің нәтижесіне сәйкес Абай атындағы ҚазҰПУ өткен жылмен салыстырғанда өз позициясын 82-орыннан 70-орынға көтеріп, ТОП-100 үздік университеттің қатарына кірді. [caption id="attachment_176195" align="alignnone" width="795"]QS ©sputnik[/caption] Үздік жоғары оқу орындары рейтингіне Еуропа мен Орталық Азиядағы дамушы елдердің 450 университеті кірді, оның 34-і қазақстандық университет. Рейтингте Абай университеті Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындары арасында 4-ші, педагогикалық ЖОО арасында 1-ші орынды иеленді. Абай университеті шетелдік оқытушылар құрамының үлесі, профессор-оқытушылар құрамының студенттерге қатынасы, халықаралық ғылыми байланыстар және жұмыс берушілер арасындағы беделі бойынша үздік нәтиже көрсетіп, QS University Rankings: Emerging Europe & Central Asia 2022 рейтингінде 70-ші орынға көтерілді. Жоғары оқу орындар рейтингі студенттер саны мен оқытушылар құрамының арақатынасы, ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі, шетелдік оқытушылар мен студенттердің үлесі, академиялық бедел көрсеткіштері, жұмыс берушілер алдындағы бедел, бір оқытушыға шаққандағы басылымдар саны, ғылыми мақалалардағы дәйексөздер саны, интернет кеңістігінде көріну дәрежесі және халықаралық бірлескен авторлық жарияланымдар бойынша бағаланды.