Елімізде әдебиетке жақын, жазушылық қабілеті бар дарынды жастар аз емес. Әсіресе, жас ақын-жазушыларымыз көп. Бұған «Алтын тобылғы» республикалық әдеби байқауының қорытындысы дәлел. Жетінші рет өткізіліп отырған сайысқа биыл 156 шығарма тапсырылды. Басты мақсат – жас қаламгерлерді қолдай отырып, олардың шығармашылығын насихаттап, әдебиетке жаңа үн қосу.
«Алтын тобылғы» байқауы жыл сайын еліміздің барлық өңірінен дарынды әдебиетшілерді анықтайды. Сондықтан шығармашыл жастар арасында үлкен сұранысқа ие болған жобаға айналды. Бес номинация бойынша қатысқан үміткерлер еліміздің құндылығын, тарихын, мәдениетін, адамгершілік қасиетін, тәуелсіздік кезіндегі қазақстандықтардың жетістігін, егемен Қазақстанның дамуындағы Тұңғыш Президенттің рөлін айшықтап көрсетті. «Байқауға қатысып, қызықты дүниелер көрсеткені үшін әрбір авторға алғыс айтамыз. Сіздердің еңбегіңіз әдебиетті оқуға, рухани құндылықтарды нығайтуға деген қызығушылықтың артуына ықпал етеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы. Байқау жеңімпаздары: - «Жылдың үздік прозасы» номинациясы Жәмила Абдуллаева («Ұят, қызым!» романы);