27 жастағы ММА боксшысы кенеттен көз жұмды

боксшы
Фото: Instagram

Bellator және PFL промоушендерінің бұрынғы файтері америкалық Джордан Янг 27 жасында қайтыс болды. Спортшының неден көз жұмғаны белгісіз, – деп хабарлайды championat.com порталы MMAJunkie сайтына сілтеме жасап.

Янгтың соңғы қарсыласы ресейлік Омар Ахмедов болған, 28 қазанда өткен PFL турнирінде америкалық оны нокаутпен жеңген.

"Киім ауыстыратын жерден ақырын шығып, қараңғы бөлмеге барып, жылап алдым. Бұған сене алмадым, дауысы құлағымда тұрғандай болды. Жұмысымды жалғастыру үшін өзіме келгенше біраз уақыт өтті", – деп келтіреді бапкер Дерик Сантостың сөзін MMAJunkie.

Джордан Янг кәсіби мансабында 12 жеңіске жеткен, бір рет нокаутпен басым түскен. Екі рет жеңілген.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.