Қызылордада 7 жасар бала бассейнге батып кетті: полиция тергеу жүргізіп жатыр
Қызылордада 7 жасар бала бассейнге батып кетті: полиция тергеу жүргізіп жатыр
Фото: Алексей БУЛАТОВ
117
оқылды
Қызылордада 7 жасар бала бассейнге батып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz. 14 желтоқсанда Қызылорда қаласындағы спорт кешендерінің бірінде 7 жасар бала бассейнге батып кетіп, тұншығып, қайтыс болды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  141-бабының 2-бөлігімен (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау салдарынан абайсызда өліміне әкеп соққан әрекеттер) және 306-бабының 3-бөлігімен (Тұтынушылар өмiрiнiң немесе денсаулығының қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн қызметтер көрсету нәтижесінде абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеттер) тіркелді. Осы оқиғаға кінәлі адамды анықтау және іс-әрекетке құқықтық баға беру бағытында қажетті сот сараптамалары тағайындалып, кешенді тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде. Қылмыстық іс Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды.