Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
111
оқылды
Қазгидромет синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. 21 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Атырау облысының оңтүстік-шығысында, және орталығында тұман күтіледі. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. 21 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. 21 желтоқсан Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Ақмола облысының батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды облысының түнде солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Нұр-Сұлтан қаласында 21 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.