Нұрлан Нығматулин Дуарте Пашекомен кездесті
Нұрлан Нығматулин Дуарте Пашекомен кездесті
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламентаралық одақтың төрағасы Дуарте Пашекомен кездесіп, ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын талқылады. Мәжіліс Төрағасының айтуынша, қазақстандық Парламент өкілдерінің Парламентаралық одаққа мүше мемлекеттердің әріптестерімен өзара іс-қимылы парламентаризм, заң шығару және демократияландыру мәселелері бойынша сындарлы диалогті дамытуға ықпал етеді. Нұрлан Нығматулин бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде болып жатқан саяси жүйені реформалау, экономиканы жаңғырту, азаматтық қоғамды дамыту мәселелері туралы айтты. Сонымен қатар Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырым­дамасы аясында Қазақстан Парламенті сайлау процесін демократияландыруға, әйелдер мен жас­тардың құқықтарын арттыруға бағытталған бірқатар заңды қабылдады. Өз кезегінде Д.Пашеко Парламентаралық одақтың Қазақстан Парламентімен ынтымақ­тастығын одан әрі нығайта түсетініне сенім білдіріп, Қазақстан Еуразия құрлығындағы мемлекет  ретінде, Парламентаралық одақтың мүшесі ретінде өте маңызды серіктес ел екеніне назар аударды. Сондай-ақ Нұрлан Нығматулин қазір Парламентте Уәкіл институтын дамыту арқылы адам құқығы мен бостандығын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, өлім жазасы, балаларды қорғау, волонтерлік қызмет және тағы басқа салалардағы заңнаманы жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.