21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: tengrinews.kz
107
оқылды

Бүгін ауа райы құбылмалы болады. Оңтүстікте ғана антициклон әсерінен жауын жаумайды. Жел екпіні күшейіп, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады.

Қостанай облысының батыс жартысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түнде және таңертең Түркістан, Жамбыл облысының солтүстік және таулы аудандарында тұман күтіледі, күндіз тау және таулы аудандарда жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с-ке күшейеді, күндіз солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік жартысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Атырау облысының оңтүстік-шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, түнде және таңертең Алматы облысының шығысында және оңтүстігінде тұман болады.