Алматыда 30 жыл бұрын ТМД-ның мақсатын бекіткен декларацияға қол қойылды – Тоқаев
Алматыда 30 жыл бұрын ТМД-ның мақсатын бекіткен декларацияға қол қойылды – Тоқаев
137
оқылды

Осыдан 30 жыл бұрын Алматыда ТМД-ның қағидаттары мен мақсаттарын бекіткен декларацияға қол қойылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.

«21.12.1991 жылы Алматыда Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ТМД-ның қағидаттары мен мақсаттарын бекіткен декларацияға қол қойылды. 30 жыл ішінде ТМД әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді өңірлік ұйымға айналды. Қазақстан ТМД-ны қолдайды және оның жұмысына белсене атсалысады», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.