Үш компаниядан ұшақ билетін 9 мың теңгеге сатып алуға болады

Үш компаниядан ұшақ билетін 9 мың теңгеге сатып алуға болады

Жаңа жылдан бастап әуе компанияларына субсидия беріледі. Республикалық бюджеттен субсидияланатын 23 әуе бағыты бойынша конкурс өтті. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Конкурс Түркістанға – 10, Көкшетау, Петропавл қалаларына – 3, Балқаш, Үржар және Үшарал қалаларына 2 әуе бағыты бойынша өтті. Мақсат – өңірлерді тұрақты әуе рейстерімен қамтамасыз ету.

Жолаушыларға SCAT, Qazaq Air және «Южное небо» әуе компаниялары қызмет көрсетеді. Әуе билеттерінің құны 9-дан 25 мың теңге аралығында болмақ.