Ақтауда бес жасар қызымен бірге жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кезде әйелді көлік қаққан. Бұл туралы Lada.kz жазды.
Оқиға кеше сағат 23:40 шамасында 16 және 19-шағын аудан арасында болған. Полицияға шақырту 23:45-те шақырту түскен.https://youtu.be/nPhXzbZ2USQ Оқиғаның мән-жайы тергеуден соң анықталады. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. https://youtu.be/Z8DzlVYTy7E«Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан екі жолаушыны қағып кетті. 29 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты. Бес жасар қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында есін жимастан қайтыс болды», – деді департамент өкілі.