Қазақстанда балалар суреті салынған коллекциялық монеталар айналымға шығады
Қазақстанда балалар суреті салынған коллекциялық монеталар айналымға шығады
© khabar.kz
465
оқылды
Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. 500 теңгелік күмістен, 100 теңгелік мельхиордан және нейзильберден жасалған монеталар «Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары» сериясын жалғастырады.
Тілашар — әрбір отбасы өміріндегі ерекше оқиға. Бұрын бұл әдет-ғұрып бала алғашқы сөздерін айтқаннан кейін жасалған. Бүгінде білім алу жолындағы алғашқы қадам дегенді білдіреді, — делінген хабарламада.
 data-lazy-src= Монетаның бет жағының (аверс) орталық бөлігінде Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңбасы, айналдыра QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY • REPUBLIC OF KAZAKHSTAN деген, төменгі бөлігінде монеталардың номиналын білдіретін жазу орналасқан.  data-lazy-src= Монетаның сырт жағында (реверс) мектеп атрибуты бар балалар суреті, монета жасалған металдың сынамасы мен массасы, соғылған жылы көрсетілген жазу бар.  data-lazy-src= Монеталар:
  • 925/1000 сынамды күмістен, массасы – 24 грамм, сапасы – proof, номиналы – 500 теңге, дайындау таралымы – 5 000 дана;
  • МН 25 мельхиор қоспасынан, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 100 теңге, таралымы 30 000 дана;
  • МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан, массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 100 теңге, таралымы – 100 000  дана болып дайындалды.
Күмістен, мельхиор қоспасынан және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың бет және сырт жағындағы бейне бірдей. Күмістен жасалған монеталар түрлі-түсті эмаль жағу технологиясын қолдана отырып жасалған, мельхиордан жасалған монеталарда құбылмалы бет қабатын жағу технологиясы қолданылған, — деп нақтылады Ұлттық банк өкілі.
Ұлттық банк монеталарды сату қашан басталатыны туралы ақпаратты кейінірек беруге уәде берді.