«ТМК цехында жарылыс болды» – Өскеменде қызғылт түтін ауаға тарап жатыр
«ТМК цехында жарылыс болды» – Өскеменде қызғылт түтін ауаға тарап жатыр
276
оқылды

Жергілікті әлеуметтік желілерде Өскемендегі зауыттардың бірінің маңынан шыққан қызғылт түтіннің видеосы таралуда.

«Титан магний комбинатының цехында жарылыс болды, бетпердесіз шықпаңыздар, терезені ашпаңыздар» деп алаңдаушылығын білдірген тұрғындардың аудио жазбасы уатсап желісі арқылы тарап жатыр. Ресми органдар әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ. Біз мәселенің мән-жайын білейік деп облыстық Экология департаментіне хабарластық. «Экология департаменті қазір тексеруге барады. Әзірге нақты ештеңе айта алмаймыз» деп қысқа қайырды департамент басшысының орынбасары Рауан Тұраров. https://youtu.be/t7AhK6bVrfI