Шымкентте 5-қабаттан секіріп кеткен 11-сынып оқушысы ауруханада көз жұмды
Шымкентте 5-қабаттан секіріп кеткен 11-сынып оқушысы ауруханада көз жұмды
© Foto : Prokazan.ru
364
оқылды
Шымкентте 5-қабаттан секіріп кеткен 11-сынып оқушысы жансақтау бөлімінде көз жұмды, – деп хабарлады қалалық Денсаулық сақтау басқармасы. 
"2005 жылы туған жасөспірімге жансақтау бөлімінде көмектің барлық түрі көрсетілді. Оған бас сүйегінің ауыр жарақаты, мидың ісінуі, іш құрылыстарының жарақаты, ауыр дәрежедегі травматикалық шок диагнозы қойылған. Науқасты нейрохирург, хирург, травматолог, реаниматолог дәрігерлері қарап, консилиум жүргізді. Өкінішке қарай, жасөспірім көз жұмды", – делінген хабарламада.
Бұған дейін Шымкентте 16 жастағы қыз 5-қабаттың терезесінен секіріп кеткенін жазған болатынбыз.