Тәуелсіздік күніне орай Президенттің атына құттықтау хаттары келіп түсуде, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары мен жеделхаттар әлі де келіп жатыр.