Желіде Алматы метросындағы түтіннің видеосы пайда болды
Желіде Алматы метросындағы түтіннің видеосы пайда болды
386
оқылды
Әлеуметтік желіде «Алатау» метростанциясындағы түтіннің видеосы пайда болды. Видеода метро тоқтап, жолаушылар оның себебін білмей жатқаны көрінеді.
Қалалық метрополитеннің баспасөз қызметі пневматикалық тежеу іске қосылғанын хабарлады.
Пневматикалық тежеу жүйесі іске қосылған кезде тежегіш қатты қызып кетті. Қазір нақты себеп анықталып жатыр, ол электродепоға жіберілді, – деп түсіндірді метро қызметкерлері.
Кесте бойынша өзгеріс жоқ, Алматы метросы қазір штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)