Алматының тәртіп сақшылары қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесушілерге қарсы күресті бастады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жаңа жыл қарсаңында, нақтырақ айтсақ 17-31 желтоқсан аралығында қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, жинау, тасымалдау және сатудың алдын алу мақсатында Іле-Алатау ұлттық саябағының аумағында «Шырша» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.
«Шырша» жедел алдын алу іс-шарасы кезеңінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзушыларды анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ биологиялық ресурстар нысандары мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға, экологиялық және қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуға бағытталған мақсатты шаралар кешені жүзеге асырылады», – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.