Петропавлда жүргіншілер өткелінде екі оқушыны көлік қағып кетті

Петропавлда жүргіншілер өткелінде екі оқушыны көлік қағып кетті

Петропавлда жаяу жүргіншілер өткелінде көлік екі жасөспірімді соқты. Салдарынан балалар ауруханаға түсті. Осы сәттің видеосы әлуметтік желіде пайда болды.

Полиция мәліметінше, 20 желтоқсан күні  Жұмабаев көшесінің бойында реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде Mercedes-Benz жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2008 және 2009 жылы туған жасөспірімдер зардап шеккен. Түрлі дене жарақаттарымен олар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.