Қазақстандық үш каратэші Азия чемпионатында алтынға таласады
Қазақстандық үш каратэші Азия чемпионатында алтынға таласады
288
оқылды
Алматыда каратэден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының бірнеше өкілі финалға шықты, – деп хабарлайды Prosports.kz. 68 келіден жоғары салмақтағы Софья Берульцева Гонконг пен Иран спортшыларын жеңіп, алтын медальға таласады. Финалда оны жапониялық Савае Юдзуки күтіп тұр. 50 келі салмақта Мөлдір Жаңбырбай да финалға шықты. Бірінші орын үшін ол Джуна Цукимен (Жапония) төбелеседі. Сәбина Захарова (55 келіге дейін) мен Әсел Қанай (68 келіге дейін) үшінші орынға таласады. Ерлер арасында Андрей Ақтауов (55 келіге дейін) финалға шықты. Ол ақтық Сауд Арабиясының өкілі Барги Ясирмен кездеседі. Жастар арасындағы әлем чемпионы Еркінбек Байтөреев (60 келіге дейін) үшінші орынға таласады. Дәл осындай аралық нәтижеге Дидар Әмірәлі (67 келіге дейін), Нұрқанат Әжіқанов (75 келіге дейін) және Бейбарыс Жаңбыр (84 келіге дейін) қол жеткізді.