Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андрадемен (31-0, 19 КО) жекпе-жек бойынша промоутерлік сауда белгіленгеніне қатысты ойын білдірді, – деп хабарлайды Vesti.kz.
Мұның алдында ұйым боксшылардың өкілдеріне хабарлама жолдағаны белгілі болды. Ол бойынша промоутерлік сауда кемі 200 мың доллардан басталады, ал сауда басталатын уақыт 15 қаңтар.
«Оңай шаруа», – деп жазыпты Жәнібек твиттерде.
Easy work ?
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) December 21, 2021