Мәжіліс Төрағасы Горгиумен жүздесті
Мәжіліс Төрағасы Горгиумен жүздесті
248
оқылды
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Румыния Республикасы Парламенті сенаты төрағасының орынбасары Алина-Штефания Горгиу бастаған делегация өкілдерімен кездесті. Нұрлан Нығматулин Румыния Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған Еуропадағы алғашқы елдердің бірі екенін және маңызды саяси, эко­номикалық серіктес ел екенін атап өтті. Палата Спикерінің айтуынша, Қазақстан мен Румыния арасындағы қарым-қатынастарының қа­лыптасуы мен дамуындағы шешуші рөлді Қазақ­станның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атқарып, бүгінде  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Румыниямен әріптестікті кеңейтуге үлкен мән береді. Сондай-ақ Мәжіліс Төрағасы Алина Горгиудың елімізге сапары  парламентаралық диалогті одан әрі нығайтуға және мемлекеттер арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қуатты серпін беретінін айтты. Өз кезегінде, Румыния Парламенті сенаты төрағасының орынбасары Қазақстан – Румыния үшін маңызды серіктес ел екенін және  пар­ламен­т­аралық байланысты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Сонымен қатар сауда-эко­номикалық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы, экология, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларына қатысты басым бағыттарға назар аударды. Мәжіліс Төрағасы Қазақстан мен Румыния парламентшілерінің бірлескен жұмысын жандандыру заң шығару саласындағы тәжірибе алмасуға, сондай-ақ парламентаралық ұйымдар аясындағы өзара тығыз қарым-қатынасқа ықпал ететініне сенім білдірді.