«Қайсар» халықаралық турнирде топ жарды
«Қайсар» халықаралық турнирде топ жарды
207
оқылды
2021 жылдың 10-20 желтоқсаны ара­лығында Бішкекте шайбалы хоккейден «Мэр кубогы» халықаралық турнирі өтті. Бұл – жыл сайын халықаралық деңгейде ұйымдастырылатын спорттық жарыс. Бішкектегі қалалық коньки тебу алаңындағы хоккей ойынына Латвия, Өзбекстан, Қазақстан және Қырғыз Республикасынан 21 жасөспірім командасы қатысты. Байқау алғаш рет үш жас категориясы бойынша (2008, 2010 және 2012 жылы туғандар) өтті. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстанның атынан сынға түскен «Қайсар» хоккей командасы бірінші орын алды. Айта кетейік, аталған турнирді Бішкек қаласы әкімдігінің денешынықтыру және спорт басқармасы мен Қырғыз Республикасының шайбалы хоккей федерациясы ұйымдастырды. 

Әбілмансұр ЖАСАН