Қазақстанда вакцинация жалғасып жатыр. Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаевтың айтуынша, вакцина алуы тиіс адамдардың 73,8%-ы екпенің 2 компонентін де алған.
Ал Comirnaty (Pfizer) вакцинасы 235 117 адам салдырды. Оның ішінде, 187 315 жасөспірім мен 47 786 жүкті және бала емізетін әйелдер бар. Ревакцинациядан 303 мың адам өтті.«Осы уақытқа дейін коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 8,9 млн астам адам алды. 2-компонентпен 8,4 миллионнан астам адам егілді. Бұл – вакцина алуы тиіс адамдардың 73,8%», – деді Бүркітбаев.