Депутат Ғылым академиясының ғимаратындағы жын-ойнақты тоқтатуды талап етті
Депутат Ғылым академиясының ғимаратындағы жын-ойнақты тоқтатуды талап етті

Үкіметке депутаттық сауал жолдаған Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Алматыдағы түнгі клуб жұмысын тоқтатуды талап етті. Бұл туралы Sputnik.kz  жазды.

Оның айтуынша, кезінде Құрманғазы мен Пушкинді сүйістіріп қойған билборд та осы клубтың жарнамасы. «Ғылым академиясының ғимараты – қазақ ғылымы мен руханиятының символы, қасиетті орда. Осы ғимараттың тіл білімі жағындағы аумақты жертөле ұлттық намысымызға тиетін, қазақ ғылымының киелі орнын былғайтын, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының асыл рухын аяққа таптап, әруағын шулататын «Марка» гей-клубы мен «Барвиха» түнгі клубына айналған. Тойып секіргендер мен бір жыныстылардың жын-ойнағы киелі орынды ластап жатыр. Кезінде Құрманғазы мен Пушкинді сүйістіріп қойған билборд осы үңгірден шыққан», – деді депутат. Сондықтан депутат Қазыбек Иса жын-ойнақты шұғыл тоқтататын уақыт жетті деген талап қойды.

2022 жылы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО аясында аталып өтіледі.