Еліміздегі 8 облыстың аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 23 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Қарағанды қаласында ертең көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Жезқазғанда ертең көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 18 м/с-ке жетеді. 23 желтоқсанда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Оралда ертең түнде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде екпіні 18 м/с жетеді. Ақмола облысының солтүстік-батысында және оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың шығысында, күндіз оңтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Нұр-Сұлтанда ертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Көкшетауда ертең көктайғақ болуы мүмкін. Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында көктайғақ болуы мүмкін, тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Қызылорда қаласында ертең көктайғақ болуы мүмкін. Жел батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстіктен соғатын жел шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ақтауда ертең көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстіктен соғатын жел шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с. 23 желтоқсанда түнде және таңертен Алматы облысының шығысында және оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Алакөл көлдерінің ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 17-22 м/с. Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе қаласында ертең жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Шымкентте ертең оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түркістан қаласында таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.