Семейде жеңіл көлік Ертіс өзеніне құлап, бір адам көз жұмды.
Noks.kz сайтының хабарлауынша, төтенше жағдай 21 желтоқсанда болған. Toyota көлігінің ішінде екі адам отырған. Ер адам көліктен шығып үлгерген, ал қыз ішінде қалып қойған. "20 жастағы тұрғынның қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге мәліметтер жария етілмейді", – деп мәлімдеді.Кейбір мәліметтерге сәйкес, автомобиль марқұммен бірге өзеннен шығарылған. Ішінде болған қыз көлік жүргізуді енді үйреніп жүрген.