Қаңтар айынан бері 415 адам суға кетті – Юрий Ильин
Қаңтар айынан бері 415 адам суға кетті – Юрий Ильин
Фото: point.md
243
оқылды

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте суға кетіп, көз жұмғандар саны көбейгенін айтты.

Оның айтуынша, биыл шомылу маусымында суға батқандар саны 2%-ға көбейді. Биыл 315 адам, оның ішінде 93 бала (2020 жылы – 309 ересек адам, 78 бала) суға кетті.

«Көпшілігі шомылуға рұқсат етілмеген аймақтарда суға түскен. Осыған байланысты 37 545 рейд жүргіздік. Соған қарамастан, 1 қаңтардан бері жалпы 415  адам суға кетіп, қаза тапты. Оның ішінде 135-сі бала», – деді министр.

Бұған дейін анасы мен баласы балық аулауға шығып, көлікпен суға батып кеткенін жазған болатынбыз.