Павлодар облысында ер адам көңілдесімен отырған әйелінің үстінен түсті
Павлодар облысында ер адам көңілдесімен отырған әйелінің үстінен түсті
© 7sisters.ru
484
оқылды
Павлодар облысында әйелін көңілдесімен ұстап алған ер адам одан таяқ жеді. Артынша оған медициналық сараптама жасалып, болған жайтқа қатысты хаттама толтырылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 19 желтоқсанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында ерлі-зайыптылар арасында жанжал шықты. Сол күні ер адамның туған күні болған екен. Ол әйелін қуанту үшін іссапардан ерте оралып, үйіне кіріп келгенде оның жас жігітпен көңіл көтеріп отырғанын көрген.
«Ерлі-зайыптылардың арасында жанжал шығып, әйелі күйеуінің бетіне бірнеше рет соққы жасаған. Содан кейін ер адамның ауруханаға баруына тура келді. Медициналық сараптама  жеңіл дәрежедегі дене жарақатын анықтады. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін ауыл тұрғынына қатысты 73-1-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал Баянауыл аудандық сотына жолданады», –  деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматы облысында ер адам әйелінің көңілдесін балталап өлтіргенін жазған болатынбыз.