Жаңа жылдың келуіне санаулы-ақ күн қалды. Баршамыз жаңа жылдан жаңа қадам, жаңа бағыт, жаңа бақыт күтетініміз анық. Дегенмен барыс жылында елімізді не күтіп тұрғаны, қандай өзгерістер болатыны баршамызға қызық. Сондықтан мамандардың пікірін білмек болдық...
Жыл санауымыз бойынша, кіретін 2022 жыл – барыс жылы. Шығыс күнтізбесінде барыс жылы негізі 2022 жылдың 1 ақпанында кіреді. Халқымыздың жорамалында бұл жылы күрделі бетбұрыстар алдындағы тыныштық жылы деп саналған. Өйткені бұрындары тарихта барыс жылына қатысты елеулі оқиғалар болмаған. Сол себепті барыс жылын қазақтар жайсыз жыл деп санамайды. Барыстың табиғи белгісі – ағаш. Содан болар, барыс жылында туғандар қажырлы әрі мықты, жомарт болып келеді. Ал кемшілігі – өзімшілдігі мен тынымсыздығы.– Келер жылда осындай дүние болады деп кесіп-пішіп ештеңе айта алмаймын. Өзге планеталардың әсерінен кейбір жағдайлар аяқасты өзгеріп кетуі мүмкін. Бірақ жаңа жылда, 30 желтоқсаннан бастап өзгелерден гөрі Юпитер планетасы басым түседі. Ал Юпитер – сәттіліктің, махабаттың, саяхаттың, оқу-білімнің планетасы. Биылғы жылмен салыстырғанда, 2022 жылы шекаралар ашылып, саяхаттауға, үлкен сапарларға мүмкіндік туады. Алайда Сатурн планетасының әсерінен кей жерлерге шектеулер сақталады, – дейді Мира Шакенова. Жұлдызнама бойынша барыс жылын екіге бөліп қарау керек екен. Желтоқсаннан бастап 8 мамырға дейін су белгілері: балық, сарышаян, шаяндарға сәттілік әкелетін жыл. Ал мамыр айынан жыл аяғына дейін тоқты, арыстан, мергендердің айы оңынан туып, істері жүріп, мол табысқа кенелетін уақыт. Бұл сөзімізді нумеролог Назгүл Құдайберген де растады.Астрологтардың айтуынша, жалпы 2022 жыл өзгеріске толы болады. Сондықтан көп адамға алған бетінен қайтпайтын табандылық, батылдық керек. Барыс жылында туғандардың бәрінің жолы ашық, сәтімен өтеді деп сенуге болмайды. Оның ішінде тек батыл жандарының махаббатта, шығармашылықта, оқу-білімде жолы болмақ.
Рас-өтірігін уақыт көрсетер, бірақ кейбір астрологтар 2022 жылы халқымыздың жағдайы жақсара түсетінін жеткізді. «Жалпы, 2022 жылы елде үлкен өзгерістер бола қоймайды. Көрші мемлекеттермен келісімшарт жасалып, жұмысы тоқтап қалған кәсіпорындар қайта қосылып, жұмыс орындары ашылады. Білім саласында жаңадан реформа қабылданады. Арты дау-дамайға ұласып, мектеп ұстаздарының көңіл толмаушылығы байқалады. Жастарды қолдау мақсатында, әсіресе жас отбасыларға арналып үй салынып, пәтер беріледі», – деді Наталья Разусовская. Ал қаржыгер, экономист Әйгерім Жанабаеваның айтуынша, келер жылы 2021 жылдан көзге түрткі болар қатты өзгешелік болмайды. – Инфляцияның өсуі ол біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде жүріп жатыр. Сондықтан 2022 жылы осы инфляциямен белсенді күреседі. Қалай болғанда да, 2022 жыл, ең алдымен, 2020-2021 жылдардағы жағдайды барынша түзеп, елді тұрақтылыққа әкелуге тырысады. Яғни, пандемия кезінде туындаған үрей басылып, жұрт коронавирустан емделуді үйреніп, вакцинацияға қатысты мәселелер шешіледі.– 2022 жыл барлық 2 санын қосқанда 6 шығады. Алты – бұл біздің келер жылымыз. Нумерологияға сүйенсек, алты саны өте сәтті жыл болатынын көрсетеді. Әрбір адамның аңсаған арман-тілегі орындалатын жыл. Сонымен қатар жақсы қарым-қатынас орнатып, көпшіліктің махабатта жолы болады. Мүмкіндік болса, қорықпай инвестиция құйған дұрыс. Себебі, барыс жылы жетістікке толы кез, – деді ол.
Осы кезде елде өсім де пайда болады. Мысалы, келесі жылы мұнай бағасының баррелі кемінде 100 долларға өсуі ықтимал. Бірақ біздің экономиканың әлемдік нарыққа ықпалы жоқ. Сондықтан кризистен қаша алмаймыз. Осыны реттеу мақсатында жалақы да көтеріледі. Оның өзі елдің қаржылық ахуалына қарай шешіледі, – деді ол.