"Беташардан 55 миллион теңге түсті": Түркістан облысында өткен тойдың шындығы ашылды

"Беташардан 55 миллион теңге түсті": Түркістан облысында өткен тойдың шындығы ашылды

Жақында әлеуметтік желіні шулатқан беташардан түскен 55 миллион теңгеге қатысты шындықтың беті ашылды. Бұл туралы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

"Беташардың арты ашылды. Түлкібасқа (Түркістан обл.) келін түсті, беташарға 55 млн теңге лақтырды деп желіні шулатқан тойдың артында жүздеген адамның көз жасы жатыр деп жазыпты көршісі. Жыртыл қазақ, жыртыл!", – деп жазды журналист.
Тележурналист өзін той көршісімін деп таныстырған Бақнұр есімді әйелдің жазған хатын жариялады.
"Саламатсыз ба? Бұл біздің ауылдың баласы, 1994 жылғы, екінші рет үйленіп жатыр. 55 млн беташардан ақша түсті дейтіндей ол кюнетте істейді. Өзінің үйіне тақалып тұрған Нұргүл деген кітапханашы көршісін 1 миллионға кредитке кіргізіп жіберген, казір араласпайды осы үшін, оның жалақысы 40-50 мың теңге.  Халықтың көз жасының ақшасы бұл. Пиар үшін жасалған. Түркістан облысы Түлкібас ауданы Кемербастау ауылында тұрамыз. Ауылға жексұрын болған,  осы кюнетке бәрін кіргізген.
Бұндайларға шара қолдану керек. Аңқау қазақты кредитке кіргізіп, сол ақшаға шетел араламай 55 млн алса, мамасы мектептегі мұғалімдерден құдалыққа деп ақша жинамас еді.
Ауылдың чатында осы үшін айқай-шу болған бір жыл бұрын. Сол кезде көпшілік "Дау дамайсызды" шақырамын, сенің көзіңді құртамын деп айтып жүретін.
Ауылдың кез-келгенімен сөйлессеңіз, Серікті жұлып жеуге дайын, бәрі бетіне түкіреді. Келуге де беті жоқ, енді жүр ғой", – депті көршісі.
Бұл туралы белгілі әзілкеш, актер Наурыз Рсымов әлеуметтік желіде хабарлады. Әзілкеш жүргізген тойдағы беташардан түскен  55 милллион теңгені жазған болатынбыз.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Рсымов Наурызбек Қабылбекұлы (@nauryz.bb92)