Павлодар облысында мектеп автобусы жолда өртенді
Павлодар облысында мектеп автобусы жолда өртенді
129
оқылды
Павлодар облысында оқушыларды тасымалдайтын автобус жол үстінде өртеніп кетті. Оқиға кезінде көлік ішінде алты оқушы болған. Оқиға видеосы жергілікті instagram парақшалардың бірінде жарияланды. Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 23 желтоқсанда түстен кейін Павлодар облысының Ефремовка және Даниловка ауылдары арасындағы тас жолда болған.
«Ашық аумақта 2007 жылғы ГАЗель автокөлігі толығымен жанып кетті. Өрт аумағы 8 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жүргізушімен бірге алты бала эвакуацияланды», – делінген хабарламада.
Көліктегі өрт сөндіргіш қолданылмаған.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған», – деп атап өтті Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Оқушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)