Тұман, көктайғақ, бұрқасын: еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Тұман, көктайғақ, бұрқасын: еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
156
оқылды
Синоптиктер 9 өңірде дауылды ескерту жариялады. 24 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Нұр-Сұлтанда түнде және таңертең қар жауады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді, ауа температурасы түнде және күндіз -8...-10°C көрсетеді. Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Павлодар облысында жолдарда көктайғақ, облыстың батысында бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ. 24 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысында қар, облыстың оңтүстігінде қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Алматы облысының шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Алакөл көлдерінің ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 17-22 м/с.